2021 жылдың 27 сәуір күні "Өзін-өзі басқару" ұйымының мүшелерімен «Менің табиғаттағы орыным» атты пікірталас өтті. Пікірталас қашықтықтан «Zoom» платформасы арқылы өтті. Мақсаты оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу. Адамдар осы заңдылықты дұрыс пайдаланса,табиғат ресурстарын қалпына келтіріп қорын молайтып,қорғап тиімді пайдалануды білу керектігін Заңда экалогиялық тәрбие мен экологиялық білім беру бірінші кезекке қойылған. Табиғатты бүлдірмей сақтап келешек ұрпаққа тоздырмай, байлығын ортайтпай жеткізу үшін барлық жұмыс істеген абзал. Себебі табиғат тағдыры-адам тағдыры.