Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Өнегелі өмір» жобасы өткізілді. Жоба қашықтықтан «Zoom» платформасы арқылы өтті. Жобамыздың қонағы қазіргі таңда еңбек ардагері, сүйікті ата, белсенді ата-аналардың бірі Жұмағазы Адамбекұлы.Мектепте өтетін іс-шараларға, кездесулерге, белсене қатысып өзінің тәжірбиесімен, ақыл кеңесімен бөлісіп, ұдайы жол сілтеуден жалықпайтын Жұмағазы Адамбекұлы оқушыларға тәрбиелік ұстанымдарымен бөлісті. Бұл жобаның мақсаты: үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға үйрету, оқушыларға отанның бір бөлшегі екендігін, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» дегендей Жұмағазы атамыз да әрдайым осындай деңгейден көрініп келе жатқан, көпшілікке айрықша танымал, айтулы азамат. Сұқбат барысында алдымен өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы ,оқу орнына тоқталып, қойылған сұрақтар жауап беріп, кездесу соңында оқушыларымызға арнап тілек өз тілегін білдірді.