Мектебіміздің «Ақниет» еріктілер тобының мүшелері «Мейірімділік таныт » атты қайырымдылық акциясына қатысып, өз үлестерін қосты. Мейірімділік танытып, қарт адамдарға көмектесіп, оларға азық- түлік апарып берді.Осы акцияға қатыстыруды жөн көрдік. Себебі бүгін жас өрендер қайырымдылық деген сөздің мәні мен мағынасына үңіліп, өздері соған тікелей атсалысты және денсаулық, жылулық пен айналасындағы адамдардың қамқор болуына тілектес екендерін білдірді. Мұндай қайырымдылық шаралары мүмкіндігінше жиі өткізіліп тұруы керек екені сөзсіз, өйткені оқушыларымыздың дамуына ықпал етеді, жақыныңа деген өзара көмек пен жанашырлық сезімін тәрбиелейді. Әрбір адам қайырымдылық қызметін өз еркімен, жеке немесе бірлесе отырып, қайырымдылық ұйымының қатысуымен немесе қатысуынсыз еркін жүзеге асыра алатынын есте ұстауы керек.
«Мейірімділік таныт »