SagBol
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «SaqBol – деп аталатын тағы бір қосымшамыз бар. Ол коронавирустық инфекцияның таралуын бақылау және инфекция ошағын уақытылы анықтау мақсатында жасалған.
Мысалы, «SaqBol» қосымшасын жүктеп алған адам, басқа бір осы қосымшаны жүктеп алған адаммен байланыста болса олар кодтардың алмасуы арқылы бір біріне сигнал береді. Екі адамның бірі ПТР тест тапсырып оң нәтиже көрсетсе оның қасында жүрген басқа адамдарды ақпараттандырады. Сол науқаспен бір-екі күн бұрын кездескеніңізді еске салып анонимды түрде ақпарат береді».