Екпе туралы ақпарат
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин: «Ашық» – бұл коронавирустың халық арасында таралу қаупін азайтып, бизнеске карантиндік шектеулер кезінде жұмыс істеуге көмектесетін қосымша. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жобаны кезең кезеңімен Қазақстан бойынша кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір «қызыл аймақтағы» үш қалаға енгіземіз. Сәуір айының ішінде басқа қалаларға енгізетін боламыз. Бұл қосымшалардың барлығы халықаралық тәжірибе негізінде жасалуда. Мұны біз ойлап тапқан жоқпыз».