«Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ»
Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды. Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі.
№8 жалпы білім беретін мектебінде «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» ұранымен «Жас Сарбаз» сынып оқушыларына «Таңертеңгі жаттығумен қарсы алыңыз» таңғы жаттығу жасатты. Бұл күні аталмыш шараға 2-11 сынып оқушылары жұмылдырылып, қашықтықтан жаттығу жасау сәттерінен бейнероликтер ұсынды. Оқушыларымыз жақсы істен оң әсер алып, бойларына күш-қуат жинап, бір серпілгендері анық.