Қауіпсіздік жағдай
2021 жылдың 01-наурызы күні балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру мақсатында 1-11- сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
Өрт –бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Биылғы жылы елімізде болып жатқан өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторларда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі.
1. Отты абайсыз қолдану;
2. Пештің ақаулығы;
3.Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4.Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.
Сынып жетекшілері өрт себептерін түсіндіре отырып, балаларға пешті қарауға және жағуға тиым салынатынын еске салды.
Өртке келгенде балалардың да шалалығы бар. Сондықтан оқушылармен өрт қауіпсіздігі ережесін қайталап, қауіпсіздік жағдайының алдын-алу шараларын еске түсірді.