«Халық поэзиясының алыбы»
2021 жылдың 23-ақпанында №8 жалпы білім беретін мектебінде 9-сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы-Жамбыл» атты мәнерлеп оқу байқауы жүргізілді.Мақсаты – Жыр алыбы-Жамбыл атамыздың өлеңін оқыта отырып, келер ұрпақтың тіл байлығын, сөздік қорын дамыту,өз еліне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.Биыл Ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына – 175 жыл! Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз .Жамбыл Жабаев – ірі халық ақыны. Бала күнінен ел ішінде өлең жырға, қисса-дастанға құмар болып өседі. Ол Сүйінбай ақынды ұстаз тұтады. Ел аралап, қазақ, қырғыз ақындарымен айтысқа түседі. Жамбыл Ұлы Отан соғысы жылдарында өткір жырымен елді күреске шақырды. Ол «Халық поэзиясының алыбы» атанды.Жыр алыбы-Жамбыл атамыздың өлеңін оқушылар қызығушылықпен, мәнеріне келтіре айтып берді. Өлеңнің мағынасын түсіне отырып нақышына келтіре мәнерлеп оқыған 9В сынып оқушысы Мүкәрам Инабат 1-орын, 9Б сынып оқушысы Омарова Назерке 2- орын, 9А сынып оқушысы Укібай Акерке 3-орынмен марапатталды.