«Жұлдыз» дебат клубы және Оқушылар сарайының «Оратор» дебат клубы
07-02-2021 22:11
2021 жылдың 06 ақпан күні Балқаш қаласының «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің «Жұлдыз» дебат клубы және Оқушылар сарайының «Оратор» дебат клубымен бірлесе «Адал сессия» атты қалалық дебат турнирі өтті. Турнир ZOOM (Cloud Meetings) платформасы арқылы АПФ, ЛД форматы бойынша өтті. Турнирге қала мектептерінің оқушылары арасынан құралған 10 команда қатысты.
Жарыстың алға қойып көтерген қарарлар тізімі мынадай: «БП Өзіне-өзі қол жұмсаған үшін ата-аналарын айптайды», «БП Онлайн тұрақты тәжірибеге айналдырады», «БП ТМД елдері бірыңғай тарихи оқулық қабылдауы тиіс д.е.», «БП дәстүрлі оқыту жүйесіне қарағанда, қашықтықтан оқыту тиімді деп санайды», «БП Борат кинофильмінің Қазақстанға берер зиянынан қарағанда пайдасы көп деп есептейді». Аталған қарарлар бойынша үкімет те, оппозицияда өз пікірлерін айтып, тақырыптарын аша алды.
Қорытынды бойынша, біздің мектепттің "Өркен" тобының оқушылары -Жаңбырбай Нурдаулет және Мүкәрам Инабат І орынға болды.
Ойын қашықтықтықтан болса да өте қызықты да тартымды болды. Ұйымдастырушыларға рахмет айтамыз! Ал біздің жеңімпаздарды құттықтаймыз!
 
Возможно, это изображение (один или несколько человек, люди сидят, люди стоят и в помещении)
Возможно, это изображение (1 человек, стоит и в помещении)