"Зейін" жобасы
01-02-2021 12:29
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде "Зейін" жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен
«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы аясында 1 ақпанда ЖББ №8 орта мектебінде 7-8 сыныптар арасында «Web- тәрбие ережелері» тақырыбында сынып сағаты өтті.Сынып сағатының мақсаты: бүкіләлемдік ғаламтор жүйесіне байланысты оқушылардың білімдерін нығайту,тиянақтау және ғаламтор жүйесінде қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы мағлұмат беру.
Сабақ барысында ғаламтор желісі туралы кіріспе сөз айтылып, ғаламтордың пайдасы мен зияны және оның денсаулыққа әсері және зиянды жақтарынан сақтану жолдары жайлы әңгіме қозғалып слайд көрсетілді. Сабақ барысында ойын элементтерімен қоса сұрақ –жауап алынып, балалардың ғаламтор туралы түсініктері анықталып, пысықталды. Балалар өз ойларын ортаға салып, әркім өз көзқарасын жеткізе білді.
Возможно, это изображение (текст)
Возможно, это изображение (текст)
Возможно, это изображение (3 человека, ребенок и текст)