«Цифрлық әлем»
01-02-2021 19:39
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебінде "Зейін" жобасы аясында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығында «Ақпараттық қауіпсіздік» атты тақырыппен 4 сынып оқушылары арасында сынып сағаты өтті.Мақсаты:
Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;
Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.
Балалардың шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайталанбас сағынышқа толы кезеңі ол – бақытты балалық шақ. Оқушылар белсенділік танытып,өз ойларын ортаға салды.
Возможно, это изображение (ребенок и сидит)