«Ақшаға бәрін сатып алуға бола ма?» атты тақырып
Мектебімізде 20-шы қаңтар күні «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелерінің қатысуымен «Ақшаға бәрін сатып алуға бола ма?» атты тақырыпта қашықтықтан «Zoom» платформасы арқылы пікірталас болды. Мақсаты: Ақшаның өмірдегі алатын орны, оны тиімді жұмсауды меңгеру. Еңбек және экономикалық тәрбие бағытында экономикалық білім алуға, ізденуге, ақшаны қалай жарату , қалай көбейту, қалай үнемдеу керектігі жөнінде толық жүйелі түрде білім дағдыларын үйлестіру, біліктіліктерін арттыру. Оқушылардың сөз байлығын, экономикалық ой-өрісін, өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Отанын сүюге , еңбектене білуге, өзгенің еңбегін қадірлей білуге, ақшаны тиімді жаратуға, үнемшілдікке, қайырымдылық жасауға тәрбиелеу.