«Асыл сөз» шешендік өнер сайысы
«ХХІ ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры!» облыстық «Оқу сауаттылығы» апталығының аясында 9-10 сыныптар арасында «Асыл сөз» шешендік өнер сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты: кемеңгер шешендердің — үлгі-насихатқа толы ғұмыр иелерінің даналық ой маржандарын, сырлы сөздерін бойға сіңіру.
Оқушылар тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, би шешендердің сөздерін тапқырлықпен жалғастырып отырды. Көркем сөз номинациясында өздеріне ұнаған шешендік сөздерді жатқа оқыды.