Жаңалыққа бастаған жаңа бағдарлама
Бүгін мектебімізде «Жаңалыққа бастаған жаңа бағдарлама» атты кезекті ғылыми сараптамалық отырыс өтті. Отырыс жұмысының барысында пән мұғалімдерінің тәжірибелік білімдерін жаңарту, пәндерді оқытудың сапасын жетілдіру, оқу үрдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып функционалдық сауаттылықтарын дамыту, оқыту мен тәрбиенің инновациялық әдіс-тәсілдерімен таныстыру, тәжірибе алмасу және т.б. өзекті мәселелер қарастырылды.Осы мақсатта ғылыми- сараптамалық отырысына 8 мұғалім өздерінің ғылыми жобаларын ұсынған болатын. Олар: орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шабленова М.Б, география пәні мұғалімі Абзалбекова Айнұр, химия пәні мұғалімі Ақатай Перизат , бастауыш пәні мұғалімдері Төлеу Айжан, Тлеуберлина Гүлнұр,Моншақбаева Ә.Қ, информатика пәні мұғалімі Рахметолла Ш, ағылшын пәні мұғалімі Қалиасқарова Ж.Қ.Эксперттік комиссия мүшелері қатысушыларға өздерінің ескертпелері мен ұсыныстарын айтты. Әлі де толықтырулар қажет екендігі баса айтылды.