Жалпы білім беретін №8 орта мектебі ата-аналары үшін 2020 жылдың 14-қараша күні сағат 13.00-де Басшы сағаты өткізілді.
16-11-2020 10:34
Жалпы білім беретін №8 орта мектебі ата-аналары үшін 2020 жылдың 14-қараша күні сағат 13.00-де Басшы сағаты өткізілді. Басшы сағатында мектеп директоры ата-аналарға ІІ-тоқсанға дайындық туралы мәлімдеді. Онда мектепке келіп оқитын кезекші сыныптар 1-5- сынып оқушылары болатынын, кезекші сыныптарға тек ата-аналарды өтініші арқылы келе алатыны айтылды. Сонымен қатар, кезекші сынып оқушыларына қатысты мәселелер, 5-сыныптарға кезекші сыныптардың ұйымдастырылуы (сабақ кестесі, мектеп формасы т.б), санитарлық гигиеналық талаптарды сақтау туралы мәліметтер мен талаптар тізбесі қарастырылды.
Қашықтықтан оқытылатын сынып оқушылары үшін алдағы уақытта жаңа платформаға ауысу жайында БІЛІМАЛ SDOT платформасымен жұмыс жасау алгоритімі туралы айтылды. Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мен балалардың қауіпсіздігі туралы баса айтты.