Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мынадай ережелерді сақтап, орындаған жөн
12-11-2020 15:00
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мынадай ережелерді сақтап, орындаған жөн:
1. Балаңыздың ғаламтордан емен айна¬лысатынынан хабардар болыңыз.
2. Баладан қандай форумдарға, чаттарға, топтарға, хабарландыру парақшаларына тіркелгенін, кіретінін және кімдермен араласатынын сұрап біліп отыры¬ңыз.Қадағаланатын чаттардағы қарым-қатынасын құптаңыз (спорт, музыка сабақтары бойынша сыныптастарымен, достарымен және т.б.) және тек ортақ чатта ғана араласуын талап етіңіз.
3. Ғаламтор желісінде қандай да бір адамға өзі туралы ақпарат бермеуін (мобильді телефон нөмірі, үй мекен-жайы, мектебінің атауы мен нөмірі), сондай-ақ өзі мен отбасының фотосуреттерін орналастырмауға тиіс екенін ескертіп, түсіндіріңіз.
4. Электрон поштаға оған және сізге белгісіз адамдардан келіп түскен файл¬дарды ашуға болмайтынын, олардың қандай мақсат көздеуі мүмкін екенін түсіндіріңіз. Онда жасырын қолданушылар, вирустар немесе зиянды, агрессивті мазмұндағы фото/бейне болуы мүмкін.
5. Балаңызға кей адамдардың өтірік айтуы, жалған аты-жөнмен танысуы мүмкін екенін түсінуге көмектесіңіз. Интернетте лақап атпен жүретін алаяқтардың жы¬мысқы әрекеттерінен мысал келтіріңіз. Балаңыз интернет-достармен шынайы өмірде ешқашан өз бетінше, ересектерсіз кездеспеуі керек екенін ұғындырыңыз.
6. Балаңызды әлеуметтік желіде салынған суретке балағат сөз жазбауға, желі мәдениетін сақтауға, тіпті өзін біреу ренжіткен жағдайда да дөрекілік танытпай, дұрыс әрекет етуге үйретіңіз. Оларға жауап жазғаннан гөрі, назар аудармай қоюдың әлдеқайда тиімділігін түсіндіріңіз. Егер ондай жағдай туындаса, балаңыз міндетті түрде сізге айтуға тиіс екенін, оған қалайда көмектесетініңізді айтыңыз.
7. Үй компьютеріңізде сүзгіден өткізу құралдарының орнатылғанына және олардың дұрыс бапталғанына көз жеткізіңіз. Егер бұл салада хабарыңыз аз болса, интернет қауіпсіздігі саласының маманын көмекке шақырыңыз.