“Ағаш отырғызу”
19-10-2020 11:44
2020 жылдың 17 қазанында мектеп ауласын көгалдандыру және көркейту мақсатында “Ағаш отырғызу” акциясы өтті. «Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» дейді. Мектеп уласында түлектерінің аллеясына тал егу қолға алынып, тиянақты мән берілуде. Эко акцияның қоғамға пайдасы зор игі бастама. Осындай шараны биылғы жылы мектеп түлектері келіп, ата-аналардың қатысуымен мектеп ауласына талдар отырғызылды. Акцияға 11 сынып түлектері де қатысты.
Шараның басында ата-аналар атынан 9Ә сынып оқушысының ата-анасы Саурамбеков Самат Балғабайұлы игі бастамаға ризашылығын білдіріп, осы шараны қолдап келгенін айтты. Мұнан кейін көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Акцияны өткізудегі негізгі мақсат мектеп оқушыларын еңбекке жұмылдыру арқылы, ауланы таза әрі жасыл аулаға айналдыруға шақыру болып табылады.