«Рухани келісім - халықтар бірлігіне бастар жол»
12-10-2020 15:48

      18 қазан – Рухани келісім күніне орай жалпы білім беретін №8 орта мектебінде «Рухани келісім - халықтар бірлігіне бастар жол» тақырыбымен, оқушыларға Қазақстандағы этносаралық келісім мен татулық маңызын түсіндіре отырып,қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында сынып сағаттары өткізілді.Сабақ түсіндірмелі, көрнекі құралдарды, презентация көрсету арқылы өткізілді. Сонымен қатар, 5В сынып мұғалімі Ш.Рахметолла мұғалім өз тәрбие сағатында оқушыларға туралы жалпы имандылық – адам бойындағы адамгершілік, ізгілік,кісілік белгісі екенін түсіндіріп өтті. Оқушыларға қыздарға не жарасады?Ұлдар қандай болу керек ? сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап беріп,бір-бірімен пікір алмасты. Презентация көрсетіліп, негізгі ұғым мен мәлімет алды.Сонымен қатар, 1-4; 5-8- сыныптар аралығында жол қауіпсіздігіне байланысты «Жаяу жүргіншілер өткелдері», 9-11- сыныптарда «Адал Ұрпақ» бағдарламжемқорлыққа қарсы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.