«Еңбек адамның екінші анасы »
Қазақстан Республикасының Үкіметі еңбекке деген құрметті жандандыру, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, еңбек мәдениетін үйренуге бейімдеу туралы шешім қабылдап, 2013 жылы Еңбек күнін тойлау дәстүрі қайта жанданды. Содан бері бұл мереке қыркүйек айының төртінші жексенбісінде аталып келеді.
Мектебімізде Еңбек күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында, «Еңбек адамның екінші анасы » атты тақырыпта бастауыш сынып оқушыларының арасында сурет байқауы өтті.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі С.Қыбырат пен аға тәлімгер А.Ахметованың ұйымдастыруымен 6-8 сыныптың қыздары мен аналары қашықтықтан ZOOM –платформасы арқылы күзгі жапырақтардан гүл шоқтарын жасап, шеберлік сағатын өткізді. 9-сынып оқушылары «Мамандықтағы отбасылық әулет» тақырыбында презентация жасады.
Еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру мақсатында мектебіміздегі кіші қызметкерлердің бірқатары алғыс хаттармен марапатталды.