«Мектепке жол »
10 қыркүйек ЖББ №8 орта мектебінің әкімшілігі отбасы күніне орай, ZOOM платформасы арқылы «Бақытты отбасы-бақытты бала» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысын өткізді. Мақсаты:қазіргі таңда баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.
Мектеп директоры А.Токейбекова жаңа 2020-2021 оқу жылындағы өзгерістер мен ерекшеліктеріне тоқталды.
Ата-ана М.Жакупова бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екеніне тоқталды. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдау және оқу тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру жайлы сөз қозғады.
Әлеуметтік педагог Ж. Мұстапаева «Мектепке жол » акциясының орындалу барысына тоқталды.
Мектеп психологы М.С.Умбет қашықтықтан оқытуға байланысты ата-аналарға психологиялық кеңестер берді. Мектебіміздің медбикесі М.Сатбекова вирусқа қарсы сақтық шаралары жайында тоқталды. Ата-аналарға түрлі сұрақтар бойынша тәрбие ісі меңгерушісінен, психологтан, әлеуметтік педагогтен кеңес алу мүмкіндігі ұсынылды.