Размер шрифта:
"Қашықтан оқытуды үйренемін"
14-08-2020 16:24
Тамыз айының 10 - нан бастап "Қашықтан оқытуды үйренемін" курсы жүргізілуде. Курсқа ұстаздар белсенді түрде қатысуда, сонымен қатар ұстаздар өз пікірлерімен бөлісуде:
Несіпбек М.Е. "Қашықтан оқытуды үйренемін" курсына қатыспас бұрын іс жүзінде, тәжірибеде білмейтін, қиналатын мәселелер кездесіп, сан алуан сұрақтар ойымда туындап отыратын. Сол сұрақтар жауабын курсты оқу барысында таптым. Жалпы қашықтықтан оқу дегеніміз не, оның тарихы, ерекшеліктері, оқу үдірісін жоспарлау, бағалау, онлайн сабақ жүргізу,акт құралдарын тиімді қолдану, ата аналарға қолдау білдіру туралы мәліметтер алдым. Алған ақпараттарды практика жүзінде қолданып, оқушыларға қашықтықтан оқуды тиімді ұйымдастыруды алдағы уақытта көздеймін. Қашықтықтан оқуда мұғалімдерге әдістемелік қолдау білдіріп, үздіксіз жұмыс жасап, тәжірибелерімен бөліскен курс тренерлеріне алғысым шексіз!
Учитель русского языка и литературы средней общеобразовательной школы №8 Шабленова Меруерт Богембаевна:
Данный дистанционный курс « УЧУСЬ УЧИТЬ ДИСТАНЦИОННО» очень актуален, теория данного курса доступна и познавательна.
Я с удовольствием прошла курс , получила необходимую информацию, что позволяет учесть необходимые и важные вопросы при планировании уроков.
Структура курса четкая и понятная. Примеры и кейсы также помогают лучшим образом понять темы. Пригодится для личной копилки.
Мне особенно очень понравился модуль « Инструменты ИКТ». Этого знания не хватало в конце 2019-2020 учебного года. Уверена, что знания полученные за время обучения, позволят мне и моим коллегам идти «в ногу со временем» и помогут нашим ученикам обучаться и учиться на высоком уровне .
«Қашықтықтан оқуды үйренемін» курсына пікір білдіруші
жалпы білім беретін №8 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі:
Мейрам Таңшолпан Талғатқызы
Бұл курста 5 модульді қарастырдық. Өзіме қиындық тудыратын мәселелердің шешімін таптым. Курс асинхронды оқыту негізінде жүргізілді. Сол себептен қолымыз бос болған уақытта курспен танысып шығып, берілген тапсырмаларын орындап отырдық. Қашықтықтан оқыту ерекшеліктердің түрін, қатысушылардың ролін, сабақты жоспарлауды, бағалауды және де сабақты қалай жүргізу керектігін қарастырдық (этикет).
Осы курстан алған әсерім өте жоғары. Алған білімімді сабақ беру барысында қолданам. Жалпы курс маған ұнады .Осындай курстар көбірек болуға ұсыныс білдіргім келеді.