«Адалдық сағаты» онлайн форматында
Жалпы білім беретін №8 орта мектебінде 2020 дылдың 18-мамыр күні қашықтықтан оқытуға көшуіне байланысты кезекті «Адалдық сағаты» онлайн форматында өткізілді.
9-11- сыныптар арасында өткізілген сынып сағатары Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» тақырыбында болды. Сынып жетекшілердің сабақтағы басты мақсаты – өскелең ұрпаққа жемқорлықтың салдарын түсіндіре отырып, оларды жаман әдеттерден алшақтату. Мұндай бастаманы Ұлы Абай атамыздың мысалдары мен өсиет сөздерімен жеткізуге тырысты.
Оқушылар көтерілген тақырыптарды тыңдап қана қоймай, өз пікірлерін де білдірді. Қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді.Дамыған елдердегі парасаттылық жайында да сөз қозғап, парасатты адамның сыбайлас жемқорлықтан ада болатындығына бірнеше мысал келтірді. Жалпы, адам бойындағы әдептілік, әділдік, жауапкершілік сияқты қасиеттер туралы айтылды. Дәл осы аталған құндылықтарды қоғам ішінде кеңінен насихаттау арқылы барлық жамандықты тыюға болады деп ойлайды оқушылар.
Адалдық сағаты барысында жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.