Қашықтықтан оқыту бойынша оқу тапсырмаларын беруді бір орталықтан басқару" және "Видео сабақтарды ұсынудың қарапайым жолы" тақырыбында тәжірибемен бөлісу вебинары болып өтті
28-04-2020 17:57
2020 жылдың 28 сәуірі күні Балқаш қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес информатика пәні мұғалімдері мен директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасарларына арналған "Қашықтықтан оқыту бойынша оқу тапсырмаларын беруді бір орталықтан басқару" және "Видео сабақтарды ұсынудың қарапайым жолы" тақырыбында тәжірибемен бөлісу вебинары болып өтті. Вебинар жалпы білім беретін №8 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Р.Химиранның ұйымдастыруымен өткізілді. Тақырыпқа сай "bandicam" бағдарламасы арқылы бейнесабақтың жасалу жолдарын көрсетіп, қазіргі ҚО жағдайында оқу үрдісінде көптеген платформалар қолданылуда. Қашықтықтан оқыту бойынша оқу тапсырмаларын беруді бір орталықтан басқару үшін өз білім ордасында қолданылып отырған платформалар, бастапқыда туындаған мәселелерді шешу жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Жалпы семинар өте өнімді, пайдалы болды. Әріптестерімізге рақмет!