Оқушыларымыз қашықтықтан өткізіліп жатқан олимпиадалармен байқауларға қатысып, білімдерін жетілдіріп, республикалық,облыстық,қалалық іс шараларға қатысып ,жүлделі орындарға ие болуда.
Балқаш қаласы ЖББ N8 орта мектебінің "Ұлағат"оқушылар ғылыми қоғамы
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты пандемия кезеңінде, коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қазақстандық мектептерде оқу процесін қашықтан оқыту режимі енгізілгені белгілі. Осы бір кезеңде мектебіміздің білімді оқушылары оқу мен білімді ұштастыру негізінде өз білімдерін дамыту мақсатында, қашықтықтан өткізіліп жатқан олимпиадалармен байқауларға қатысып, білімдерін жетілдіріп, республикалық,облыстық,қалалық іс шараларға қатысып ,жүлделі орындарға ие болуда.
Қиындықты жеңуге сіздердің ақылдарыңыз да, білімдеріңіз де, жігер мен күштеріңіз де жетеді. Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
Алдағы апталарға да осы бағытта ұйымдастырылатын жұмыстарға сәттілік тілейміз. Бұл сынақты еңсеруде #biz sizdermen birgemiz!