ЖОБА
Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуының
алдын алу мақсатында орта білім беру ұйымдарында
оқу процесін ұйымдастыру бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
2020 жылғы 6 сәуір мен 22 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқуға көшеді.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту (қашықтықтан оқыту) – интернет-ресурстар мен ТВ-сабақтар арқылы жүзеге асырылатын және оқу процесіне тән компоненттерді қамтитын мұғалім мен білім алушылардың қашықтықтанөзара әрекеттестігі.
Мақсаты:қашықтықтан оқыту жағдайында бірыңғай білім беру ортасын құру.
Міндеттері:
1. Теледидарда трансляциялау мақсатында видеоконтент әзірлеу және интернет желісі арқылы еркін қол жеткізу үшін видеохостингтерде орналастыру.
2. Педагогтердің үйлестіруімен білім алушылардың өзбетінше ізденіс жұмыстарын жолға қою.
МЖМБС және типтік оқу бағдарламаларына сәйкес әзірленген бейне сабақ тұжырымдамасы қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелерін, сабақ құрылымын, педагог үшін білім алушыларды сүйемелдеу бойынша, білім алушыларға өзіндік жұмыстарды орындау бойынша және олардың ата-аналарына оқыту үшін жағдай жасау бойынша ұсынымдарды қамтиды.
Бейнесабақтар білім беру қызметін алушылардың келесі санаттары үшін әзірленген:
1. кең жолақты Интернет желісі қолжетімді білім алушылар
2. кең жолақты Интернет желісіне қолжетімділігі жоқ білім алушылар
ТВ-сабақтары 1-11 сыныптардағы оқу пәндері бойынша оқыту тілдерінде (қазақ, орыс) өткізілетін болады. Бейнесабақтарды трансляциялау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің келісімі бойынша республикалық теледидарда жүзеге асырылатын болады: қазақ тілінде білім алушыларға арналған сабақтар - "Балапан" телеарнасында, орыс тілінде білім алушыларға арналған сабақтар - "Ел-Арна" телеарнасында.
Сондай-ақ, бейнесабақтар интернет желісі арқылы барлық пайдаланушылардың еркін қол жеткізуі үшін видеохостинг жүйелері мен білім беру Интернет ресурстарында орналастырылатын болады: педагогтер мен білім алушыларға.
Барлық білім беру деңгейлеріндегі пәндер бойынша қазақ және орыс тілдерінде сабақ берудің эфирдегі уақыты сағат 09-00-ден 15-00-ге дейін.
ТД трансляциялауға арналған 1-11 сыныптардың оқу пәндері анықталды (1-қосымша):
1-11 сынып оқушылары үшін 2020 жылғы 6 сәуірден 22 мамырға дейінпәндер бойынша қашықтықтан 2042сабақ өткізу жоспарлануда:
1-сынып
МЖМБС-9-10 пән; ТД арқылы -4
(сауат ашу, математика, дүниетану, жаратылыстану)
(Барлығы 168 сабақ)
2-сынып
МЖМБС-9-11 пән; ТД арқылы-5
(оқыту тілі, математика, дүниетану, жаратылыстану, екінші тіл (қазақ т./ орыс т.))
(Барлығы 170 сабақ)
3-сынып
МЖМБС-11 пән; ТД арқылы -5
(оқыту тілі, математика, дүниетану, жаратылыстану, екінші тіл (қазақ т./ орыс т.))
(Барлығы 170 сабақ)
4-сынып
МЖМБС-11 пән; ТД арқылы -5
(оқыту тілі, математика, дүниетану, жаратылыстану, екінші тіл (қазақ т./ орыс т.))
(Барлығы 170 сабақ)
5-сынып
МЖМБС-13 пән; ТД арқылы -7
(оқыту тілі, әдебиет, математика, жаратылыстану, Қазақстан тарихы. дүниежүзі тарихы, екінші тіл (қазақ т./ орыс т.))
(Барлығы 182 сабақ)
6-сынып
МЖМБС 13 пән; ТД арқылы -7
(оқыту тілі, әдебиет, математика, жаратылыстану, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, екінші тіл (қазақ т./ орыс т.))
(Барлығы 182 сабақ)
7-сынып
МЖМБС 16 пән; ТД арқылы -11
(оқыту тілі, әдебиет, алгебра, геометрия, география, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы., дүниежүзі тарихы, екінші тіл (қазақ т./ орыс т.))
(Барлығы 192 сабақ)
8-сынып
МЖМБС 17 пән; ТД арқылы -11
(оқыту тілі, әдебиет, алгебра, геометрия, география, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, екінші тіл (қазақ т./ орыс т.))
(Барлығы 192 сабақ)
9-сынып
МЖМБС 19 пән; ТД арқылы -11
(оқыту тілі, әдебиет, алгебра, геометрия, география, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, екінші тіл (қазақ т./ орыс т.))
(Барлығы 192 сабақ)
10-сынып
МЖМБС 19 пән; ТД арқылы -11
(оқыту тілі, әдебиет, алгебра, геометрия, география, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, екінші тіл (қазақ т./ орыс т.))
(Барлығы 212 сабақ)
11-сынып
МЖМБС 19 пән; ТД арқылы -12
(оқыту тілі, әдебиет, алгебра, геометрия, география, физика, химия, биология, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі, екінші тіл (қазақ т./ орыс т.))
(Барлығы 212 сабақ)
ТД-сабақтарының жалпы саны-2042 сабақ.
ТД-сабақтарының бірыңғай кестесі дайындалды (2-қосымша))
Кестеде 1-11 сыныптардың оқу пәндері бойынша апталық жүктеме көрсетілген (3-қосымша).)
ТД бойынша трансляцияланатын пәндер тізбесіне енбеген оқу пәндерін (Информатика, Ағылшын тілі, Француз тілі, Неміс тілі), қашықтықтан оқытуды дербес ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайдамектеп әкімшілігінемектеп мұғалімдерінің келісіміменсабақ кестесіне қосымша енгізу ұсынылады. Сағат саны пән бойынша апталық жүктемеден аспауы тиіс.
ТВ-сабақтың құрылымы(ұзақтығы - 10 мин)
- экранда: сынып атауы, пәннің аты, сабақтың тақырыбы
Сабақтың желісі:
- мұғалімнің жаңа оқу материалын түсіндіруі (видео, титрде мұғалімнің аты-жөні) - 6 минут;
- бекіту үшін сұрақтар (экранда ірі әріптермен жазылған 2-3 сұрақ) - 1 мин;
- бекіту үшін оқу тапсырмалары (экранда ірі әріптермен жазылған 2-3 тапсырма) - 1 мин;
- тақырып бойынша қосымша сандық ресурстар (1-2 СБР) – 1 мин;
- өз бетінше оқуға арналған қосымша ресурстарға сілтемелер-1 мин.
Әр сабақтан кейін экранда мәтін жазылады: Қымбатты балалар! Сіздер жаңа тақырып бойынша ең негізгі мазмұнды алдыңыздар, басқа материалдарды Сіздер өз мұғалімдеріңізден аласыздар! Егер сұрақтарыңыз болса, сіз оларды мұғалімдеріңізге қоя аласыздар! Жаңа материалды меңгеруде сәттілік, біздің жас достарымыз!
Сондай-ақ қашықтықтан оқыту үшін келесі технологияларды пайдалану ұсынылады:
1. Электрондық журналдар мен күнделіктер kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz -бейне-сабақтарды, сандық білім беру ресурстарын орналастыру, білім алушыларға үй тапсырмасын беру және кері байланысты жүзеге асыру үшін қолданылады (мұғалімдердің түсініктемесі мен ұсыныстары, хабарландыру түрінде ата-аналарды ақпараттандыру, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды жүргізу, білім алушыларға үй тапсырмасын беру және оны онлайн тексеруді ұсыну, қысқа және кеңейтілген түсіндірмелер түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.)
Электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесінде Kundelik.kzадресінде онлайн білім беру үшін нұсқаулықтар, құжаттамалар және видеонұсқаулықтар салынады: https://portal.kundelik.kz/kz/c/355-instruktsii-po-udalennoi-rabote.
2. Streaming, платформалар: Bilimland.kz, sabak.kz, aitube.kz, youtube.com және ZOOM, Skype, Moody, Opiq.kz, School.ozin-ozi-tanu.kz, adilet.zan.kz/rus/docs және басқалары. Осы платформаларды пайдалана отырып, пәндер бойынша бейнесабақтар трансляциясы ұйымдастырылатын болады.
3. Daryn.online.kz: қазақ тілінде әзірленген сабақтар орналастырылады.
4. Aitube.kzреспубликалық телеарналарда көрсетілетін бейнесабақтар орналастырылатын болады.
5. Facebook, Instagram және т.б.мектеп сайттары, әлеуметтік желілер – тәрбиелік іс-шаралар үшін әзірленген бейнеконтент орналастырылады.
6. Бұлтты қызметтер: Google Drive, Yandex Disk, Mail.ru Disk, Dropbox және т. б.
7. ҚР БҒМ ресми әлеуметтік желілері, ҚР БҒМ Youtube, Telegramm арнасы еdunews.kz
2. Орта білім беру ұйымдарында оқыту процесін ұйымдастыру тәртібі
2.1 Жалпы ережелер
Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың, педагогтердің және басқа да қызметкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қатаң сақталады, қабылданған шаралар туралы жоғары тұрған басқару органына дереу хабарланады.
Қашықтықтан оқыту технологиясы МЖМБС, Типтік оқу жоспарлары мен бекітілген сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда, оқытудың икемді түрін қамтамасыз ету үшін сабақ кестесіне түзетулер енгізіледі.
Оқыту процесінің барлық қатысушылары оқу контенті бар ТД-сабақтарға және электрондық платформаларға қол жеткізе алады.
Қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып оқыту процесін ұйымдастыруды және педагогтармен, қызметкерлермен, ата-аналармен (балалардың заңды өкілдерімен) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді орта білім беру ұйымының басшысы үйлестіреді.
Білім беру ұйымдарында басшы оқыту процесінің барлық қатысушыларына білім беру мәселелері бойынша нұсқаулық беруді қамтамасыз етеді.
- әркімнің денсаулығын сақтаудағы, сақтық шараларын орындаудағы жауапкершілігі;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, білім алушылармен жеке және (немесе) топтық жұмысты ұйымдастыру;
- қажет болған жағдайда ата-аналарға жеке кеңес беру.
2.2 орта білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қызметі
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындақашықтықтан оқыту технологиясы арқылыоқыту режиміжүзеге асырылады, осыған байланысты әрбір білім алу процесіне қатысушыға белгілі бір талаптардыорындау қажет.
Мектеп директоры:
- жұмыстың сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдайды;
- қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыруды, оның ішінде техникалық қажеттіліктерді қамтамасыз етеді;
- қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқу процесін іске асыру жағдайында мектеп жұмысының жоспарын бекітеді;
- Kundelik.kz және т. б. арқылы қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыруға тұрақты мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады. (педагогтермен, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) кері байланыс, педагогтермен кері байланыс беру жиілігінің мониторингі және т. б.);
- сабақ кестесін бекітеді;
- мектеп орналасқан елдімекен шеңберінде тексеру үшін Интернет желісіне және басқа да байланыс құралдарына қолжетімділігі жоқ білім алушылардың оқу тапсырмаларын жеткізуді және орындалған жұмыстарын жинауды ұйымдастырады. Бұл ретте жеке қорғаныс құралдарын пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталады.
Алыс шалғайдағы елді мекендерде орналасқан,білім алушыларының саны 5-тен 80-ге дейінгі шағын жинақты мектептердегі балалардың оқу процесін жергілікті атқарушы органдардың келісімімен қашықтықтан оқытуға ауыстырмау ұсынылады.
Директордың оқу ісі, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары:
-ТД-сабақтар кестесіне сәйкес бірыңғай мектеп сабақ кестесін, орта білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылатыноқыту кестесін жасайды;
- сабақ контентін әзірлеу, оның ішінде электрондық оқу-әдістемелік кешендер, электрондық білім беру ресурстарын Kundelik.kz және т.б. электрондық журналда орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
- пән мұғалімдерімен бірге білім алушылардың қашықтықтан оқу жұмыстарын ұйымдастыруды анықтайды: оқытудың әдістері мен тәсілдері, білім алушылардың тапсырмаларды алу мерзімдері және олардың орындалған жұмыстарды ұсынуы;
- қашықтықтан оқыту аясында әдістемелік көмек көрсету мақсатында педагогтер үшін видеокоучингтер ұйымдастырады;
- оқыту процесінің барлық қатысушыларын (педагогтерді, білім алушыларды, білім алушылардың ата-аналарын (заңды өкілдерін), өзге де қызметкерлерді) қашықтықтан жұмысты ұйымдастыру және оқыту нәтижелері туралы хабардар етеді;
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқыту процесін ұйымдастыру барысында әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырады;
- бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес педагогтердің қызметін және олармен кері байланысты ұйымдастырады;
- қашықтықтан оқыту процесіне қатыспайтын педагогтар қатарынан 2 аптада бір реттен кем емес, екінші санаттағы білім алушылардың орындалған тапсырмаларын жинау және жеткізу үшін педагогтарды анықтайды;
- қашықтықтан оқыту процесін жүргізу барысын бақылайды;
-электронды журналдар жүйесі арқылы қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыру және бақылауды, жиынтық бағалауды іске асырады;
- қашықтықтан оқыту процесіне қатысушылармен кері байланысты жүзеге асырады;
- мұғалімдердің оқу жүктемесін орындауы бойынша жұмысты үйлестіреді;
- орта білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытудың жүргізілуін талдайды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-ұйымдастырушы:
-ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы тәрбиелік іс-шаралар үшін видеоконтент әзірлейді;
- онлайн режимінде іс-шаралар өткізеді (әлеуметтік желілер, мектеп сайты және т. б. арқылы).);
- өткізілген іс-шаралар туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде, мектеп сайтында орналастырады;
- сынып жетекшілерінің жұмысын үйлестіреді.
Педагог-психолог:
- қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылар мен олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) психологиялық қолдау көрсету бойынша ұсыныстар әзірлейді;
-ата-аналармен (заңды өкілдерімен), білім алушылармен онлайн-кеңес өткізеді;
- онлайн ойындар өткізеді.
Сынып жетекшісі:
- ата-аналарды (заңды өкілдерді) қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту процесі туралы, кестедегі өзгерістер туралы, білім алушыларға кері байланыс беру туралы, оқу барысы мен оқу нәтижелері туралы, білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы хабардар етеді;
- электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесінде білім алушылар мен олардың ата-аналарының сұхбаттарын, форумдарын жасайды және kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz сондай-ақ, Whatsapp, Telegram және т. б.пайдаланады;
- білім алушылармен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен) күнделікті байланысты жүзеге асырады;
- жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мектеп әкімшілігін хабардар етеді;
-пән мұғалімдеріне, педагог-психологқа білім алушылардың байланыс мәліметтері бар (үй, ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта) өз сыныбының тізімін ұсынады;
- өз сыныбындағы білім алушылардың электрондық күнделіктерінің және электрондық пошталарының тіркелуін қамтамасыз етеді.
Пән мұғалімдері:
Пән мұғалімдері 3 санатқа бөлінеді:
- интернетке қолжетімділігі бар және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланатын пән мұғалімі мен білім алушы;
- интернетке қолжетімділігі бар пән мұғаліміжәне интернетке қолжетімділігі жоқ, ТД-сабақтарын пайдаланатын білім алушы;
- қашықтықтан оқыту процесіне қатыспайтын педагогтер;
ТД-сабақтарын мұғалімдер және білім алушылар қолданады.
Интернетке қолжетімділігі бар және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдаланатын пән мұғалімі мен білім алушы:
-электрондық журналдарда және күнделіктерде күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды түзетеді;
-веб-сайттарға, электрондық кітапханаларға және т. б. сілтемелерді қолдана отырып, оқу материалдарын жоспарлау мен құрылымдауды уақытында жүзеге асырады.;
-жүргізілетін жұмыс түрлерін оқу-тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасарымен келіседі;
-жұмыстың оңтайлы және әртүрлі түрлерін (бейне сабақтар, өзіндік жұмыс, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, телеконференциялар мен форумдар және т.б.), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (скайп, телесабақ, modul, zoom, электрондық пошта, WhatsApp және Telegram чат, Zoom, Moodle және т. б.) қолданады;
- электрондық журналдар мен күнделіктерді пайдалана отырып, жүргізілетін жұмыс түрлері туралы ақпаратты білім алушыларға, олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) дер кезінде жеткізеді;
- бекітілген оқу кестесіне сәйкес сабақ өткізеді;
- білім алушының өзіндік жұмысына бақылау жасайды, кері байланыс жүргізеді;
- үй тапсырмасы көлемінің нормаларына сәйкес үй тапсырмасын ұсынады;
- мұғалім мен оқушы үшін қолжетімді кез келген тәсілмен (электрондық журналдар мен күнделіктер, месенджерлер, бұлтты технологиялар және т. б.) сабақта орындалған тапсырмаларды жинауды жүзеге асырады;
- электрондық журнал платформасында келесі бөлімдерді уақытында толтырады:
а) әр ТД-сабақтан/вебинардан кейін үй тапсырмасын (оқулықтан тапсырмалар және ресурстарға сілтемелер);
б) тапсырмаларды орындау бойынша ұсыныстар бар файлдарды бекіту;
в) үй тапсырмасын орындау бойынша кері байланыс, сабаққа түсініктеме;
г) жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін толтыру;
д) білім алушы бейне конференцияда болмаған немесе электрондық журнал платформасында белгіленген мерзімде тапсырманы орындамаған жағдайда сабаққа қатыспағанын белгілеп отыру;
- білім алушыларға, оның ішінде білім алуда ерекшеқажеттіліктері бар балаларға жеке кеңестер өткізеді;
- жүргізілген жұмыстар және оның нәтижелері туралы әкімшілікті хабардар етеді.
Интернетке қолжетімділігі бар пән мұғалімі және Интернетке қол жетімділігі жоқ, ТД-сабақтарын пайдаланатын білім алушы:
-электрондық журналдарда күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды түзетеді;
-ТД-сабақтар мен ОӘК негізінде оқу материалдарын құрылымдауды және сабақ бойынша жоспарлауды уақытында жүзеге асырады.;
-жүргізілетін жұмыс түрлерін оқу-тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасарымен келіседі;
-тиімді және әртүрлі жұмыс түрлерін (оқулықпен және ОӘК-мен өзіндік жұмыс), қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (телесабақ, Whatsappчаттар, ұялы және стационарлық телефон байланысын) қолданады;
- электрондық журналдар мен күнделіктерді, Whatsappчаттарды, ұялы және стационарлық телефон байланысын және т. б. пайдалана отырып, оқушылардың, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) назарына жұмыс түрлері туралы ақпаратты дер кезінде жеткізеді;
- бекітілген оқу кестесіне сәйкес сабақ өткізеді;
- білім алушының өзіндік жұмысына бақылау жасайды, кері байланыс ұсынады (электрондық журналдар мен күнделіктер, Whatsappчаттар, ұялы және стационарлық телефон байланысы арқылы немесе әкімшілік белгілеген педагогтар арқылы);
- үй тапсырмасы көлемінің нормаларына сәйкес үй тапсырмасын ұсынады (электрондық журналдар мен күнделіктер, Whatsappчаттар, ұялы және стационарлық телефон байланысы арқылы немесе әкімшілік белгілеген педагогтар арқылы);
- мұғалім мен оқушы үшін қолжетімді кез келген тәсілмен (электрондық журналдар мен күнделіктер, Whatsappчаттар, ұялы және стационарлық телефон байланысы арқылы немесе әкімшілік белгілеген педагогтар арқылы) сабақта орындалған тапсырмаларды жинауды жүзеге асырады;
- электронды журналдар мен күнделіктер платформасында келесі бөлімдерді уақытында толтырады;
а) әр ТД-сабақтан/вебинардан кейін үй тапсырмасын (оқулықтан тапсырмалар және ресурстарға сілтемелер);
б) тапсырмаларды орындау бойынша ұсыныстар бар файлдарды бекіту;
в) үй тапсырмасын орындау бойынша кері байланыс, пікірлер;
г) жиынтық бағалау жұмыстарының нәтижелерін толтыру;
д) сабақ тапсырмасын мұғалім белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда электрондық журналға тиісті түсініктеме жазады.
- білім алушыларға, оның ішінде білім алудаерекше қажеттіліктері бар балаларға (Whatsappчаттар, ұялы және стационарлық телефон байланысы арқылы) жеке кеңестер өткізеді.
- жүргізілген жұмыстар және оның нәтижелері туралы әкімшілікті хабардар етеді.
Қашықтықтан оқыту процесіне қатыспайтын педагогтер
Бағалау сынақ ретінде, «есептелінді»/«есептелінбеді» түрінде өткізілетін оқу пәндері теледидарда көрсетілетін пәндер тізбесіне енбеген (Дене шынықтыру, Өзін-өзі тану, Көркем еңбек, Музыка, Бастапқы әскери және технологиялық дайындық, Кәсіпкерлік және бизнес негіздері, Графика және жобалау).
Осы оқу пәндерін оқытатын мұғалімдер өз пәндері бойынша бейне контент әзірлеуге және бұлтты технологиялар мен видеохостингтерді (мысалы, aitube.kz) пайдаланып орналастыруға, сондай-ақ сілтемені электрондық журналға қоюға міндетті.
Дене шынықтыру, бастапқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімі білім алушылардың үйде орындауы үшін физикалық және саптық жаттығулар кешенін әзірлейді.
Көркем еңбек, графика және жобалау мұғалімі-қолөнер бұйымдарын, макеттер және т. б. жасау бойынша нұсқаулықтар әзірлейді.
Өзін-өзі тану, кәсіпкерлік және бизнес негіздері мұғалімдері – жобалық жұмыстар бойынша ұсыныстар береді.
Музыка мұғалімі тыңдайтын музыкалық шығармалардың тізімін ұсынады.
- онлайн режимінде тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
- онлайн сабақтар мен іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсетеді;
- жүргізілген жұмыстар және оның нәтижелері туралы әкімшілікті хабардар етеді.
Білім алушы:
-қолжетімді байланыс құралдары арқылы онлайн-сабақтардың кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;
-күн сайын кестеге сәйкес ТД-сабақтарының трансляциясын, сондай-ақ пән мұғалімі көрсеткен барлық қолжетімді электрондық платформаларды қарауға міндетті;
- күнделікті тапсырмаларды өз бетінше орындайды, соның ішінде орта білім беру ұйымдары белгілеген қолжетімді байланыс құралдарын пайдаланады;
-сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен күнделікті байланыста болады;
- пән мұғалімінің түсініктемесінен кейін қателермен жұмыс жасайды;
- күн сайын электронды күнделіктежеке кабинетке, электронды поштаға және басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына кіреді;
- күнделікті орындалған тапсырмаларды педагогке қолжетімді байланыс құралдары (электронды күнделіктер, электрондық пошта, Whatsappчаттар және т. б.) арқылы,сканерлеу (немесе фото) түрінде педагогтердің талаптарына сәйкес ұсынады;
- оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды;
- қосымша электрондық білім беру ресурстарын пайдаланады.
Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері) :
- оқу үшін жағдай жасайды;
-жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады;
- білім алушылардың үй тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен байланыста болады.
1-қосымша
ТД арқылы трансляциялау үшін белгіленген пәндер тізімі
1-сынып:
– қазақ тілінде оқытатын - 4 пән (Сауат ашу, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану),
- оқыту орыс тілінде-4 пән (Обучение грамоте, Математика, Естествознание, Познание мира)
2-сынып:
- қазақ тілінде оқытатын - 5 пән (Қазақ тілі, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану, Орыс тілі)
- орыс тілінде оқытатын - 5 пән (Русский язык, Математика, Естествознание, Познание мира, Қазақ тілі)
3-сынып:
- қазақ тілінде оқытатын - 5 пән (Қазақ тілі, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану, Орыс тілі)
- орыс тілінде-5 пән (Русский язык, Математика, Естествознание, Познание мира, Қазақ тілі)
4-сынып:
- қазақ тілінде оқытатын - 5 пән (Қазақ тілі, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану, Орыс тілі)
- орыс тілінде-5 пән (Русский язык, Математика, Естествознание, Познание мира, Қазақ тілі)
5-сынып:
- қазақ тілінде оқытатын - 7 пән (Қазақ тілі , Қазақ әдебиеті, Математика, Қазақстан тарихы, Жаратылыстану, Дүниежүзі тарихы, Орыс тілі мен әдебиет)
- оқыту орыс тілінде - 7 пән (Русский язык, Русская литература, Математика, История Казахстана, Естествознание, Всемирная история, Казахский язык и литература)
6-сынып:
- қазақ тілінде оқытатын - 7 пән (Қазақ тілі , Қазақ әдебиеті, Математика, Қазақстан тарихы, Жаратылыстану, Дүниежүзі тарихы, Орыс тілі мен әдебиет)
- оқыту орыс тілінде - 7 пән (Русский язык, Русская литература, Математика, История Казахстана, Естествознание, Всемирная история, Казахский язык и литература)
7-сынып:
- қазақ тілінде оқытатын - 11 пән (Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүние тарихы, Физика, Химия, Биология, Орыс тілі мен әдебиет)
- оқыту орыс тілінде-11 пән (Русский язык, Русская литература, Алгебра, Геометрия, История Казахстана, География, Всемирная история, Физика, Химия, Биология, Казахский язык и литература)
8-сынып:
- қазақ тілінде оқытатын - 11 пән (Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүние тарихы, Физика, Химия, Биология, Орыс тілі мен әдебиет)
- оқыту орыс тілінде-11 пән (Русский язык, Русская литература, Алгебра, Геометрия, История Казахстана, География, Всемирная история, Физика, Химия, Биология, Казахский язык и литература)
9-сынып:
- қазақ тілінде оқытатын - 11 пән (Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүние тарихы, Физика, Химия, Биология, Орыс тілі мен әдебиет)
- оқыту орыс тілінде-11 пән (Русский язык, Русская литература, Алгебра, Геометрия, История Казахстана, География, Всемирная история, Физика, Химия, Биология, Казахский язык и литература)
10-сынып:
- қазақ тілінде оқытатын - 11 пән (Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүние тарихы, Физика, Химия, Биология, Орыс тілі мен әдебиет)
- оқыту орыс тілінде-11 пән (Русский язык, Русская литература, Алгебра, Геометрия, История Казахстана, География, Всемирная история, Физика, Химия, Биология, Казахский язык и литература)
11-сынып:
- қазақ тілінде оқытатын - 12 пән (Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Алгебра, Геометрия, Қазақстан тарихы, География, Дүниежүзі тарихы, Физика, Химия, Биология, Ағылшын тілі, Орыс тілі)
- орыс тілінде оқытатын - 12 пән (Русский язык, Русская литература, Алгебра, Геометрия, История Казахстана, География, Всемирная история, Физика, Химия, Биология, Английский язык, Казахский язык)
Қосымша 2
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТАТЫН МЕКТЕПТЕР ҮШІН 1 – 11 СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ТЕЛЕДИДАР САБАҚТАРЫ (1 сабақ – 10 минут)
Апта күндері |
1-сынып |
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
5-сынып
|
6-сынып
|
7-сынып
|
8-сынып
|
9-сынып |
10-сынып |
11-сынып |
Дүйсенбі |
Сауат ашу Математика |
Қазақ тілі Математика Орыс тілі |
Математика Қазақ тілі Орыс тілі |
Математика Жаратылыстану Орыс тілі |
Қазақ тілі Математика Қазақстан тарихы |
Қазақ тілі Математика Қазақстан тарихы |
Қазақ тілі Алгебра География |
Физика Қазақ тілі Алгебра |
Физика Қазақ тілі Алгебра |
Алгебра және анализ бастамалары Қазақ әдебиеті Геометрия Химия |
Алгебра және анализ Орыс тілі Қазақстан тарихы География |
Сейсенбі |
Математика Сауат ашу |
Қазақ тілі Математика |
Қазақ тілі Математика |
Қазақ тілі Математика |
Математика Қазақ әдебиеті Жаратылыстану Орыс тілі және әдебиеті |
Математика Қазақ әдебиеті Жаратылыстану Орыс тілі және әдебиеті |
Геометрия Химия Қазақстан тарихы Орыс тілі және әдебиеті |
Қазақ әдебиеті Геометрия Қазақстан тарихы Орыс тілі және әдебиеті |
Орыс тілі және әдебиеті Қазақстан тарихы Геометрия Биология |
Алгебра және анализ бастамалары Қазақ әдебиеті Геометрия Химия |
Алгебра және анализ Қазақстан тарихы География |
Сәрсенбі |
Математика Сауат ашу |
Қазақ тілі Жаратылыстану Орыс тілі |
Математика Қазақ тілі Орыс тілі |
Қазақ тілі Математика Орыс тілі |
Қазақ тілі Математика Қазақстан тарихы |
Қазақ тілі Математика Қазақстан тарихы |
Алгебра Қазақ тілі Биология |
Алгебра Қазақ тілі География |
Алгебра Қазақ тілі География |
Алгебра және анализ бастамалары Қазақстан тарихы Химия Дүниежүзі тарихы Орыс тілі және әдебиеті |
Алгебра және анализ Биология Химия |
Бейсенбі |
Сауат ашу Дүниетану |
Математика Дүниетану |
Жаратылыстану Математика |
Математика Қазақ тілі |
Қазақ әдебиеті Математика Дүние жүзі тарихы Орыс тілі және әдебиеті |
Қазақ әдебиеті Математика Дүние жүзі тарихы Орыс тілі және әдебиеті |
Қазақ әдебиеті Физика Қазақстан тарихы Орыс тілі және әдебиеті |
Қазақстан тарихы Химия Дүние жүзі тарихы Орыс тілі және әдебиеті |
Қазақ әдебиеті Қазақстан тарихы Химия Орыс тілі және әдебиеті |
Алгебра және анализ бастамалары Қазақ әдебиеті Физика География |
Физика Қазақ тілі Қазақ әдебиеті |
Жұма |
Сауат ашу Жаратылыс тану |
Математика Қазақ тілі |
Дүниетану Математика |
Математика Дүниетану |
Математика Қазақ тілі Жаратылыстану |
Математика Қазақ тілі Жаратылыстану |
Қазақ тілі Алгебра Дүние жүзі тарихы |
Геометрия Алгебра Биология |
Геометрия Алгебра Дүние жүзі тарихы |
Алгебра және анализ бастам. Қазақстан тарихы Биология География Орыс тілі және әдебиеті |
Химия Қазақ тілі Биология Орыс тілі Ағылшын тілі |
РАСПИСАНИЕ ТЕЛЕУРОКОВ ДЛЯ 1-11 КЛАССОВ С РУССКИМ ЯЗЫКОМ ОБУЧЕНИЯ (1 урок – 10 минут)
Дни недели |
1 класс
|
2 класс
|
3 класс
|
4 класс
|
5 класс
|
6 класс
|
7 класс
|
8 класс
|
9 класс
|
10 класс |
11 класс |
Понедельник |
Обучение грамоте Математика |
Математика Русский язык Қазақ тілі |
Математика Русский язык Қазақ тілі |
Математика Естествознание Қазақ тілі |
Русский язык Математика История Казахстана |
Рус.язык Математика История Казахстана |
Рус.язык Алгебра География |
Физика Рус. язык Алгебра |
Физика Рус.язык Алгебра |
Алгебра и начала анализа Рус.литер. Физика Химия |
Алгебра и начала анализа Қазақ тілі История Казахст. География |
Вторник |
Математика Обучение грамоте |
Русский язык Математика |
Математика Русский язык |
Русский язык Математика |
Математика Русская литература Қазақ тілі және әдебиеті Естествознание |
Математика Русская литература Қазақ тілі және әдебиеті Естествознание |
Геометрия Химия Қазақ тілі және әдебиеті История Казахстана |
Русская литература Геометрия Қазақ тілі және әдебиеті История Казахст. |
Қазақ тілі және әдебиеті Геометрия История Казахстана Биология |
Русский язык Русская литература Геометрия Биология |
Геометрия Физика Всемирная история |
Среда |
Математика Обучение грамоте |
Русский язык Естествознание Қазақ тілі |
Математика Русский язык Қазақ тілі |
Русский язык Математика Қазақ тілі |
Русский язык Математика История Казахстана |
Русский язык Математика История Казахстана |
Алгебра Русский язык Биология |
Алгебра Русский язык География |
Алгебра Русский язык География |
Алгебра и начала анализа Қазақ тілі және әдебиеті История Казахстана Химия Всемирная история |
Алгебра и начала анализа Биология Химия |
Четверг |
Обучение грамоте Познание мира |
Познание мира Математика |
Русская литература Математика |
Познание мира Математика |
Русская литература Математика Всемирная история Қазақ тілі және әдебиеті |
Русская литература Математика Всемирная история Қазақ тілі және әдебиеті |
Русская литература Физика История Казахстана Қазақ тілі және әдебиеті |
История Казахстана Химия Всемирная история Қазақ тілі және әдебиеті |
Русская литература История Казахстана Химия Қазақ тілі және әдебиеті |
Русский язык Русская литература Физика География |
Физика Русский язык Русская литература |
Пятница |
Обучение грамоте Естествознание |
Математика Русский язык |
Математика Познание мира |
Математика Русский язык |
Математика Русский язык Естествознание |
Математика Русский язык Естествознание |
Русский язык Алгебра Всемирная история |
Геометрия Алгебра Биология |
Геометрия Алгебра Всемирная история |
Алгебра и начала анализа История Казахстана Биология Всемирная история Қазақ тілі және әдебиеті |
Химия Русский язык Биология Қазақ тілі Английский язык |
Қосымша3
1-4 сыныптар
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып |
қазақ тілінде оқыту апталық жүктеме |
Сауат ашу – 5 Математика - 3 Жаратылыстану - 1 Дүниетану - 1 |
Қазақ тілі - 4 Математика - 4 Жаратылыстану - 1 Дүниетану – 1 Орыс тілі -2 |
Қазақ тілі - 3 Математика - 5 Жаратылыстану - 1 Дүниетану – 1 Орыс тілі -2 |
Қазақ тілі - 3 Математика - 5 Жаратылыстану – 1 Дүниетану – 1 Орыс тілі -2 |
с русским языком обучения количество часов в неделю |
Обучение грамоте – 5 Математика - 3 Естествознание - 1 Познание мира - 1 |
Русский язык - 4 Математика - 4 Естествознание - 1 Познание мира – 1 Казахский язык -2 |
Русский язык - 3 Математика - 5 Естествознание – 1 Познание мира – 1 Казахский язык -2 |
Русский язык - 3 Математика - 5 Естествознание – 1 Познание мира – 1 Казахский язык -2 |
5-7 сыныптар
|
5-сынып |
6- сынып |
7- сынып |
қазақ тілінде оқыту апталық жүктеме |
Қазақ тілі – 3 Қазақ әдебиеті -2 Математика -4 Қазақстан тарихы -2 Жаратылыстану - 2 Дүние жүзі тарихы – 1 Орыс тілі мен әдебиет-2 |
Қазақ тілі-3 Қазақ әдебиеті -2 Математика -5 Қазақстан тарихы -2 Жаратылыстану - 2 Дүние жүзі тарихы -1 Орыс тілі мен әдебиет-2 |
Қазақ тілі-3 Қазақ әдебиеті - 1 Алгебра -3 Геометрия-1 Қазақстан тарихы -2 География -1 Дүние жүзі тарихы -1 Орыс тілі мен әдебиет-2 Физика-1 Химия -1 Биология-1 |
с русским языком обучения количество часов в неделю |
Русский язык-3 Русская литература-2 Математика -5 История Казахстана-2 Естествознание-2 Всемирная история – 1 Казахский язык и литература -2 |
Русский язык-3 Русская литература-2 Математика -5 История Казахстана-2 Естествознание-2 Всемирная история – 1 Казахский язык и литература -2 |
Русский язык-3 Русская литература-1 Алгебра -3 Геометрия-1 История Казахстана-2 География -1 Всемирная история – 1 Физика-1 Химия -1 Биология-1 Казахский язык и литература -2 |
8-11 сыныптар
|
8-сынып |
9- сынып |
10- сынып |
11- сынып |
қазақ тілінде оқыту апталық жүктеме |
Қазақ тілі – 3 Қазақ әдебиеті -2 Қазақстан тарихы -2 Дүние жүзі тарихы - 1 Орыс тілі мен әдебиет-2 Алгебра - 3 Геометрия-1 География -1 Физика-1 Химия -1 Биология-1 |
Қазақ тілі-3 Қазақ әдебиеті -1 Алгебра -3 Геометрия-1 Қазақстан тарихы - 2 География -1 Дүние жүзі тарихы -1 Орыс тілі мен әдебиет-2 Физика-1 Химия -1 Биология - 1 |
Алгебра және анализ бастамалары - 4 Геометрия – 2 Қазақ тілі – 1 Қазақ әдебиеті - 2 Қазақстан тарихы – 2 Дүниежүзі тарихы –1 Орыс тілі мен әдебиет-2 География -2 Физика – 2 Химия -2 Биология -2 |
Алгебра и начала анализа - 2 Геометрия – 1 Қазақ тілі – 2 Қазақ әдебиеті – 1 Қазақстан тарихы – 1 Дүниежүзі тарихы -1 Орыс тілі-2 География -1 Физика – 2 Химия -2 Биология -2 Ағылшын тілі - 1 |
с русским языком обучения количество часов в неделю |
Русский язык-3 Русская литература -1 Алгебра - 3 Геометрия-1 История Казахстана -2 География -1 Всемирная история -1 Казахский язык и литература -2 Физика-1 Химия -1 Биология-1 |
Русский язык-3 Русская литература -1 Алгебра -3 Геометрия-1 История Казахстана - 2 География -1 Всемирная история -1 Казахский язык и литература -2 Физика-1 Химия -1 Биология-1 |
Алгебра и начала анализа - 3 Геометрия – 1 Русский язык – 2 Русская литература - 2 История Казахстана – 2 Всемирная история -2 Казахский язык и литература -2 География -2 Физика – 2 Химия -2 Биология -2 |
Алгебра и начала анализа - 2 Геометрия – 1 Русский язык – 2 Русская литература – 1 История Казахстана – 1 Всемирная история -1 Казахский язык -2 География -1 Физика – 2 Химия -2 Биология -2 Английский язык -1 |