2026 жылдың 18 қарашасында «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Балаға жайлы қадам: мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білімнің сабақтастығы» тақырыбында ауқымды қалалық семинар-практикум өз жұмысын бастады. Іс-шараның басты
23-11-2026 10:10

2026 жылдың 18 қарашасында «Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Балаға жайлы қадам: мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білімнің сабақтастығы» тақырыбында ауқымды қалалық семинар-практикум өз жұмысын бастады. Іс-шараның басты мақсаты — мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердің бастауыш буыны арасындағы өзара сабақтастықты нығайтып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру жолдарын тәжірибеде көрсету болып табылады. Семинардың салтанатты ашылуы мектептің «Қонақ ROOM» бөлмесінен басталып, мектеп директоры Ж.К.Жетписбаева сөз сөйлеп директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ф.М. Карабаеваның ұйымдастыруымен және бастауыш сынып мұғалімдерінің өткізген «Бала тәрбиесі – жүректен жүрекке» атты тренинг-жаттығумен жалғасты. Бұл тренинг қатысушылар арасында жылы қарым-қатынас орнатып, іс-шараның көтеріңкі көңіл-күймен өтуіне негіз қалады. Одан әрі қатысушылар П.Б. Алғадаева, А.А. Нұрділда, Э.Х. Куанышбекова және А.М. Ганиева дайындаған «Сабақтастық шеберханасы» атты көрмемен танысты.