«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Жеңгелер мектебі» жобасы жүзеге асырылды Мектебімізде 8–11-сынып қыздарының қатысуымен «Қыздар білуге тиіс» тақырыбында тағылымы мол сырласу кеші ұйымдастырылды. Кездесуді Ершаева Ж.М., Айтқұлова Г.С. жә
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Жеңгелер мектебі» жобасы жүзеге асырылды
Мектебімізде 8–11-сынып қыздарының қатысуымен «Қыздар білуге тиіс» тақырыбында тағылымы мол сырласу кеші ұйымдастырылды.
Кездесуді Ершаева Ж.М., Айтқұлова Г.С. және Балықбаева А.О. ұйымдастырып, тағылымды басқосуға «Жеңгелер мектебінің» мүшелері Алғадаева П., Ксан А., Қуанышбекова Э., аяулы жеңгелер мен ата-аналар қатысты.
Жылы жүздесу барысында қыз баланың қадір-қасиеті, өзін құрметтеуі, өмірлік таңдауы, жеке шекарасы мен қауіпсіздігі, арман-мақсаты және болашағы туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.
Жеңгелер мен аналар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қыздардың көкейінде жүрген сауалдарға тұшымды жауап берді. Ашық әңгіме мен еркін пікір алмасу нәтижесінде аға буын мен жас ұрпақ арасында шынайы сырластық пен өзара сенім қалыптасты.
Кездесудің басты түйіні – қыз балаға ақыл айтудан бұрын оны түсіну, пікірін құрметтеу және жүрегіне сенім ұялату. Себебі қыз тәрбиесі – ұлт болашағына деген үлкен жауапкершілік.
Қыз бойына ізгілік дарыту – құр сөзбен емес, өнегелі іспен, тағылымды тәрбие арқылы жүзеге асады.