«Дүниежүзілік балалар күні» онкүндігі аясында 6 «А», 6 «Б» және 6 «В» сынып оқушылары арасында «Менің арманымдағы әлем» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой-қиялын ұштау, өз армандар
23-11-2026 10:04
«Дүниежүзілік балалар күні» онкүндігі аясында 6 «А», 6 «Б» және 6 «В» сынып оқушылары арасында «Менің арманымдағы әлем» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой-қиялын ұштау, өз армандары мен болашаққа деген көзқарастарын еркін жеткізуге мүмкіндік беру.
Эссе жазу барысында оқушылар өздері армандаған әлемді суреттеп, бейбітшілік пен татулықты, мейірімділік пен достықты, бақытты балалық шақты қалайтынын жүрекжарды ойларымен жеткізді.
Әр баланың арманы – жарқын болашаққа бастар жол. Баланың арманын бағалау, ойын тыңдау және оған сенім білдіру – үлкендердің маңызды міндеті.
Арманшыл ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!