Размер шрифта:
↑
2026 жылы 11 қараша күні мектебімізде қалалық семинар өтті .Семинардың мақсаты:педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, оқушылардың жазылым дағдыларын дамыту.Семинар өткізуші бастауыш сынып мұғалімі Рысқұл Әсем Қайдарқызы «Жазу – ойлаудың шыңы» тақырыбын
16-11-2026 11:07
2026 жылы 11 қараша күні мектебімізде қалалық семинар өтті .Семинардың мақсаты:педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, оқушылардың жазылым дағдыларын дамыту.Семинар өткізуші бастауыш сынып мұғалімі Рысқұл Әсем Қайдарқызы «Жазу – ойлаудың шыңы» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында мағыналы жазудың ерекшеліктері, жазылым арқылы оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту жолдары қарастырылды. Қатысушылар тиімді әдіс-тәсілдермен танысып, практикалық тапсырмалар орындап, өзара тәжірибе алмасты.
Семинар қорытындысында жазылым жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, оқушылардың өз ойын жүйелі әрі сауатты жеткізу дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Семинар өз мақсатына жетіп, тәжірибе алмасу алаңына айналды.