«Жақсылық жасап жарысайық!» Мектебімізде 8–9 сынып оқушылары арасында «Жақсылық жасап жарысайық!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда. Акцияның негізгі мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу, айналасына қамқорлықп
16-11-2026 11:04
«Жақсылық жасап жарысайық!»
Мектебімізде 8–9 сынып оқушылары арасында «Жақсылық жасап жарысайық!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда.
Акцияның негізгі мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу, айналасына қамқорлықпен қарауға және жақсылық жасауға ынталандыру.
Акция барысында оқушылар игі істер жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, бір-біріне көмек қолын созуға шақырылады. Әрбір жасалған жақсылық – қоғамға қосылған кішкентай болса да маңызды үлес.
Жақсылық жасау – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Бір-бірімізге мейірім сыйлап, ізгі істерімізбен айналамызды нұрландырайық!
«Жақсылық жасаудан жарысайық, мейірімділікті бірге насихаттайық!»