Размер шрифта:
↑
Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ-нің Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Бүгінгі жиналысымыздың негізгі мақсаты – І тоқсандағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысын шығ
09-11-2026 08:49
Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ-нің
Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 2 «А» сыныбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Бүгінгі жиналысымыздың негізгі мақсаты – І тоқсандағы оқу-тәрбие жұмысының қорытындысын шығару, оқушылардың білім сапасы мен жетістіктерін саралау және алдағы міндеттерді айқындау.
І тоқсан барысында оқушылар оқу бағдарламасына сәйкес білім алып, жаңа тақырыптарды меңгерді.
Оқу үлгерімі бойынша:
* Оқушылардың білім деңгейі мен оқу жетістіктері сараланды.
* Жақсы нәтиже көрсеткен оқушылардың еңбегі атап өтілді.
* Кейбір оқушыларға қосымша қолдау мен жеке жұмыс қажет екені анықталды.
* Оқу жылдамдығын арттыру, сауатты жазу, көркем жазу және есеп шығару дағдыларын жетілдіру жұмыстары жалғасады.
Тәрбие жұмысы бойынша:
Оқушылардың тәртібі, бір-бірімен қарым-қатынасы, үлкенді сыйлау, достықты бағалау, мектеп ережесін сақтау бағытында жұмыстар жүргізілді.
Алдағы міндеттер:
1. Балалардың күнделікті сабаққа дайындалуын қадағалау.
2. Кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
3. Үй тапсырмасын уақытылы орындауына көңіл бөлу.
4. Баланың күн тәртібін сақтауын бақылау.
5. Мұғалім мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.
Бірлесе атқарған еңбегіміздің нәтижесінде балаларымыздың білімді, тәрбиелі, жауапкершілігі мол, өзіне сенімді және қауіпсіз ортада өсіп келе жатқан ұрпақ қалыптастыра аламыз