«Адал азамат» – адалдық пен жауапкершілік бастауы! «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әділдік пен жауапкершілік» айлығы және ІІ тоқсанның басталуына орай мектепте салтанатты саптық жиын өткізілді. Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекетті
03-11-2026 11:11
«Адал азамат» – адалдық пен жауапкершілік бастауы!
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әділдік пен жауапкершілік» айлығы және ІІ тоқсанның басталуына орай мектепте салтанатты саптық жиын өткізілді.
Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Сонымен қатар мектепішілік «Алтын сақа» олимпиадасына қатысып, білімдері мен зеректігін танытқан оқушылар марапатталды.
Жиын барысында оқушыларға әділдік, жауапкершілік пен адалдық құндылықтарының маңыздылығы түсіндіріліп, жаңа тоқсанда оқуда озат болып, биік белестерді бағындыруларына тілектестік білдірілді.