Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы ақпараттандыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабын орындау үшін дайындалған есептік құжаттың мазмұны және Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 30 маусымдағы №927 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы қайта ұйымдастырылғаны туралы айтылды.Аталған институционалдық өзгерістер Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын дамытудың жаңа кезеңін айқындап, белгілеген «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» қағидаттары мен Әділетті Қазақстан идеяларын сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың практикалық тетіктеріне енгізуге бағытталды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бағыттарының бірі – қоғамда адалдық, әділдік, жауапкершілік және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру.Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, ол әрбір азаматтың, әрбір мемлекеттік қызметшінің және әрбір педагогтің ортақ жауапкершілігі болып табылады.Осы бағытта «Адал азамат», «Заң мен тәртіп» тұжырымдамаларының маңызы ерекше. Бұл қағидаттар өскелең ұрпақтың бойында заңға құрмет, адал еңбек, әділдік, отансүйгіштік және азаматтық жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы ақпараттандыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»