25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалануға баулу мақсатында «AI арқылы Қазақстанды таны» атты сайыс өтк
25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалануға баулу мақсатында «AI арқылы Қазақстанды таны» атты сайыс өткізілді.
Сайыс барысында оқушылар жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, Қазақстанның тарихы, мәдениеті, ұлттық құндылықтары, табиғаты, көрікті жерлері мен тарихи ескерткіштері туралы шығармашылық жобалар әзірледі. Қатысушылар өз жұмыстарын таныстырып, жобаларының мазмұнын түсіндіріп, қорғады.
Оқушылар өз жобалары арқылы туған өлкенің тарихын тереңірек танып, еліміздің бай мұрасы мен ұлттық құндылықтары туралы білімдерін толықтырды. Сонымен қатар, жасанды интеллект құралдарын қолдану дағдыларын дамытып, ақпарат іздеу, шығармашылық ойлау және өз ойын еркін жеткізу қабілеттерін көрсетті.
Іс-шара оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, заманауи технологияларды білім алуда тиімді пайдалануға және Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуға ықпал етті