22.10 күні мектебімізде “Жас Сақшы” сынып оқушыларының қатысуымен «Өз құқықтарың мен міндеттеріңді біл!» тақырыбында құқықтық лекторий өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктері
22.10 күні мектебімізде “Жас Сақшы” сынып оқушыларының қатысуымен «Өз құқықтарың мен міндеттеріңді біл!» тақырыбында құқықтық лекторий өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту, заңды құрметтеуге, жауапкершілікке және құқық бұзушылықтың алдын алуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам және азамат құқықтары, баланың құқықтары мен міндеттері, білім алу құқығы, жеке басының қауіпсіздігі және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін сақтау, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелеріне назар аударылды.