Күзгі мектеп аясында қалалық семинар өтті. Күзгі мектеп аясында ұйымдастырылған қалалық семинарға пән мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
27-10-2026 08:50
Күзгі мектеп аясында қалалық семинар өтті.
Күзгі мектеп аясында ұйымдастырылған қалалық семинарға пән мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Семинар барысында физика пәнінің мұғалімі Ершаева Ж.М. «Материялық нүктенің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысы. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар» тақырыбында сабақ көрсетсе, география пәнінің мұғалімі Абзалбекова А.А. «География сабағында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Ал математика пәнінің мұғалімі Бакытова А.С. «Көпмүшелерге амалдар қолдану» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында мұғалімдер өздерінің озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын талқылады.
Іс-шара әріптестер арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға, жаңа идеялармен бөлісуге және педагогикалық шеберлікті жетілдіруге мүмкіндік берді