Жас маман – жаңа идея» тақырыбында өткізілген тәжірибе алмасу отырысы туралы 2026 жылғы 28 қазанда жас мамандар арасында «Жас маман – жаңа идея» тақырыбында тәжірибе алмасу отырысы өткізілді.
Жас маман – жаңа идея» тақырыбында өткізілген тәжірибе алмасу отырысы туралы
2026 жылғы 28 қазанда жас мамандар арасында «Жас маман – жаңа идея» тақырыбында тәжірибе алмасу отырысы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, педагогикалық шеберлігін жетілдіру, заманауи оқыту әдіс-тәсілдерін меңгерту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы білім беру үдерісіне жаңашыл идеяларды енгізу.
Отырыс барысында жас мамандар сабақтың тиімділігін арттыруға, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятуға, танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді таныстырып, оларды тәжірибе жүзінде көрсетті.
Атап айтқанда, «Миға шабуыл», «Мозаика», «ЖИ – суреттерді сөйлетті», «Гексагон», «Буыннан сөз құрастыру», «Көлікпен әріп тану» және «Сандарды сәйкестендіру» әдістері ұсынылды. Аталған әдістердің сабақ барысында қолданылу жолдары түсіндіріліп, оқу үдерісіндегі тиімділігі көрсетілді.
Сонымен қатар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқу материалдарын түрлендіру, оқушылардың қызығушылығын арттыру және сабақ мазмұнын жаңаша ұйымдастыру жолдары қарастырылды.