Балқаш қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы мектебінде профилактикалық кездесу өтті
2026 жылғы 15 қыркүйек күні мектептің 7–11 сынып оқушыларымен полиция капитаны Н.А. Коразбаев пен полиция майоры Е.Д. Саматов профилактикалық кездесу өткізді.
Жиын барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, нашақорлықтың алдын алу, жол қауіпсіздігі, мотоцикл, мопед және самокаттарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері, кибербуллингтің алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта, яғни 23:00–06:00 аралығында заңды өкілінсіз жүруіне болмайтыны қатаң ескертілді.
Оқушыларға қазіргі уақытта «Назар аударыңыздар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатқаны және «Жаяу жүргінші» профилактикалық акциясы өтіп жатқаны туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, қауіпсіздік ережелерін орындау және құқықбұзушылықтан аулақ болу қажеттігі түсіндірілді.
Абайлаңыздар, балалар! Қауіпсіздік – басты назарда!