Мектебімізде 10–11 сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Сот процесі» тақырыбында рөлдік ойын ұйымдастырылып өткізілді.
Мектебімізде 10–11 сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру, заң мен тәртіпті құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Сот процесі» тақырыбында рөлдік ойын ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға сот процесінің құрылымы мен негізгі кезеңдері түсіндіріліп, сот отырысына қатысушылардың қызметі таныстырылды. Оқушылар алдын ала бөлінген рөлдер бойынша судья, прокурор, адвокат, сот отырысының хатшысы, жәбірленуші, жауапкер және куәгерлер рөлдерін сомдады.Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін кеңейту, заң нормаларын өмірлік жағдайларда қолдану, өз пікірін дәлелді түрде жеткізу, жауапкершілік пен әділдік қағидаларын түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Рөлдік ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, өздеріне берілген рөлдерді жауапкершілікпен орындады.Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін кеңейту, заң нормаларын өмірлік жағдайларда қолдану, өз пікірін дәлелді түрде жеткізу, жауапкершілік пен әділдік қағидаларын түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Рөлдік ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, өздеріне берілген рөлдерді жауапкершілікпен орындады.