«Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында еңбек күніне арналған «Адал еңбек – абырой» тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылардың қолөнер бұйымдары, суреттері, макеттері және әртүрлі шығармашылық жұмыстары қойылды. Көрменің
21-09-2026 09:30
«Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында еңбек күніне арналған «Адал еңбек – абырой» тақырыбында шығармашылық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге оқушылардың қолөнер бұйымдары, суреттері, макеттері және әртүрлі шығармашылық жұмыстары қойылды.
Көрменің негізгі мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа, адал еңбек етуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өз қолымен жасаған еңбекті бағалауға үйрету.
Көрме барысында оқушылардың ұқыптылығы, ізденісі мен шығармашылық шеберлігі көрініс тапты. Әрбір жұмыс еңбектің нәтижесі мен маңызын көрсетті.
«Адал еңбек – абыройдың бастауы!»