2026 жыл қыркүйектің 13 күні сағат 08:30-да Балқаш қаласы білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-де «Оқу орынындаөрт шыққан кездегі оқушылардың, тұрақты құрамының іс-әрекеті» тақырыбы жаттығу өткізілді.
Оқу мақсаты:жалпы – ғимаратта өрт шыққан кездегі АҚ шараларын орындауға даярлығын тексеру;
басшы, оқытушы құрамдар үшін– ғимаратта өрт шыққан кездегі АҚ шараларын ұйымдастыру мен өткізуге практикалық дағдыларды қалыптастыру;
оқушылар үшін- оқу орнында өрт шыққан кездегі сауатты іс-әрекеттер мен өзін-өзі дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру.
Жаттығуға қатысушылар :
- 4 адам басшы құрамы; 42 адам оқытушылар құрамы;
- 310 оқушылар: 12 кіші қызметкерлер.
Өткізілетін жер: Балқаш қаласы білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-нің алаңында.
Жаттығу кезіндегі практикалық іс-әрекеттер:
- жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы хабарландыру сызбасы , ғимараттың эвакуациялық жоспары тексерілді;
- Абайлаңыз!, «Оқу орынында өрт шыққан кездегіоқытушылар құрамы мен оқушылардың зақымдану аймағынан көшіру» тақырыптарында бейнефильмдер көрсетілді;
- Мұғалімдер оқушыларды белгіленген бағыты бойынша мектептен ұйымшылдықпен шығарды және оларды қауіпсіз аймаққа алып барды, сол жерде зақымдалушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетті.
ҚОРЫТЫНДЫ:Балқаш қаласы білім бөлімінің «Б.Момышұлы атындағы ЖББ мектебі» КММ-і төтенше жағдайлар кезіндегі әрекетке ДАЙЫН.