2026 жылғы 10 қыркүйекте мектепте «Жас сарбаз» және «Жас сақшы» сыныптарының ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
2026 жылғы 10 қыркүйекте мектепте «Жас сарбаз» және «Жас сақшы» сыныптарының ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін күшейту, ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, оқушылардың тәртібі мен жауапкершілігін арттыру.
Жиналыс барысында «Жас сарбаз» және «Жас сақшы» сыныптарының негізгі мақсаттары мен міндеттері таныстырылды. Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, елін қорғауға дайын, тәртіпті, жауапты және дені сау азамат тәрбиелеу мәселелеріне ерекше тоқталды.
Сонымен қатар оқушылардың мектеп формасын сақтау, арнайы киім үлгісін талапқа сай киюі, сабаққа уақытылы келуі, ішкі тәртіп ережелерін сақтауы, қоғамдық орындардағы тәртібі және қауіпсіздік талаптарын орындауы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналарға баланың тәрбиесі мен оқуындағы ата-ананың жауапкершілігі, баланың күн тәртібін қадағалау, мектеппен тығыз байланыста болу қажеттігі айтылды.
Жиналыс барысында ата-аналардың ұсыныстары тыңдалып, пікір алмасу жүргізілді. Ата-аналар «Жас сарбаз» және «Жас сақшы» сыныптарының жұмысына қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.