Мектебімізде «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты тілдер апталығының қорытынды кеші өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өзге тілдерді үйренуге қызығушылығын қалыптастыр
Мектебімізде «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты тілдер апталығының қорытынды кеші өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өзге тілдерді үйренуге қызығушылығын қалыптастыру.
Қорытынды кеш барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өнер көрсетіп, өлеңдер оқып, сахналық қойылымдар ұсынды. Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы тағылымды ойлары дәріптелді. Үш тілдің ерекшелігін көрсеткен көрініс арқылы ана тілін құрметтеу және көп тіл білу маңыздылығы насихатталды.
Шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, тілге деген құрмет пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы жұмыстар қорытындыланды.