ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ
ТІЛ – ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ
Қазақстан халқының тілдері күніне орай өтіп жатқан тіл апталығы аясында қазақ тілі мұғалімі Г.С. Айтқұлованың ұйымдастыруымен 11-сынып оқушылары «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында подкаст шығарылымын ұсынды.
Подкаст барысында Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық жолы, қазақ тіл біліміне қосқан өлшеусіз үлесі, Алаш зиялыларының ұлттық тіл мен бірегейлікті сақтаудағы еңбегі сөз болды. Сонымен қатар қазіргі жастардың сөйлеу мәдениеті мен ана тілінің болашағы туралы ой қозғалды
Ұлт ұстазының «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген тағылымды сөзін негізге алған оқушылар заманауи форматта мазмұнды ой бөлісіп, ана тілін ардақтауға үндеді.