Размер шрифта:
ЖЕТІСТІК – ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ
28-08-2026 10:59
ЖЕТІСТІК – ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ
«Жаңа Қазақстан Конституциясының нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында өткен педагогтердің қалалық тамыз конференциясы аясында мектебіміздің ұстаздары өздерінің кәсіби ізденісі мен педагогикалық тәжірибесін жоғары деңгейде танытып, айтулы жетістікке қол жеткізді.
Оқушылардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, спорттық шеберліктерін шыңдап, жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстарымыз өз нәтижесін берді.
Осындай нәтижелі еңбегіміз бен өскелең ұрпаққа сапалы тәрбие берудегі бастамаларымыз жоғары бағаланып, мектебіміз «Әскери-патриоттық тәрбие көшбасшысы» номинациясына ие болып, қалалық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл – ұстаздар қауымының тынымсыз еңбегіне берілген лайықты баға, оқушыларымыздың спорттағы жетістіктері мен патриоттық рухын қалыптастыру жолындағы ортақ еңбегіміздің жемісі.
Білім мен тәрбиені ұштастырып, дені сау, рухы мықты, елжанды ұрпақ тәрбиелеу – басты мақсатымыз. Жетістігіміз – бірлігіміздің, ізденісіміздің және тынымсыз еңбегіміздің нәтижесі!