Размер шрифта:
Бүгін – Білім күні! Бұл – әр баланың жүрегіне білім нұры құйылып, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңілі толатын, әр ата-ананың мерейі таситын ерекше қуанышты күн.
01-09-2026 10:29

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы жас ұрпақтың бойына адалдық, отаншылдық, еңбекқорлық, жауапкершілік және әділдік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған маңызды бағдарлама.
Адал азамат – қоғамның мызғымас тірегі, Отанын сүйетін, білімді, жасампаз, әділетті әрі адамгершілігі мол тұлға. Әрбір жас отаншыл, жаңашыл, білімпаз, еңбекқор, ұқыпты және үнемшіл болып өсуі керек.
Ұрпақ тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан ата-ана, ұстаз және мемлекеттік органдар бірлесе отырып, жас ұрпақтың сапалы білім алып, саналы азамат болып қалыптасуына жағдай жасауы қажет.
Бүгін мектебіміз үшін ерекше күн. Биылғы оқу жылында 72 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отыр.
1 «А» сыныбында – 21 оқушы. Сынып жетекшісі – Бакирова Анар Әбілқадірқызы.
1 «Ә» сыныбында – 25 оқушы. Сынып жетекшісі – Нұрділдә Айгерім Азаматқызы.
1 «Б» сыныбында – 26 оқушы. Сынып жетекшісі – Алпысбаева Анаргүл Саяжанқызы.