«Заң және тәртіп» – басты құндылық «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» бағыты бойынша «Жас Сақшы» сыныбында «Ерлік сабағы» өткізілді.
«Заң және тәртіп» – басты құндылық
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» бағыты бойынша «Жас Сақшы» сыныбында «Ерлік сабағы» өткізілді.
Іс-шараға Балқаш қалалық полиция бөлімінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы полиция майоры Махметов Төлеузада Махметович, полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Сметов Азамат Сметович және Балқаш қалалық пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Аширбеков Мадияр Бөкенович қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға заңды сақтау, тәртіпке бағыну, құқықтық сауаттылық, жауапкершілік және Отанға адал қызмет ету туралы құнды ақпарат берілді. Қонақтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпақты тәртіптілікке, отансүйгіштікке және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.