«Сарыарқа саңлақтары» көркемөнерпаздар байқауы Қарағанды облысының Полиция департаменті қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Сарыарқа саңлақтары» көркемөнерпаздар байқауына мектебіміздің «Жас Сақшы» сыныбының оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін жоғ
07-09-2026 10:18
«Сарыарқа саңлақтары» көркемөнерпаздар байқауы
Қарағанды облысының Полиция департаменті қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Сарыарқа саңлақтары» көркемөнерпаздар байқауына мектебіміздің «Жас Сақшы» сыныбының оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.
Жас өнерпаздар байқау барысында мәнерлеп өлең оқып, би билеп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Оқушылардың өнері көпшілік тарапынан жоғары бағаланып, олардың таланты мен ізденісіне тәнті болған көрермендер ыстық ықыластарын білдірді