Размер шрифта:
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Бірлігіміз жарасқан, азат елміз – Қазақстан!» атты салтанатты жиын өтті. Бұл мереке Қазақстан халқының татулығы мен достығын дәріптейтін ерекше күн болып саналады. Салтанатты шара барысында мемлек
08-05-2026 11:06
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Бірлігіміз жарасқан, азат елміз – Қазақстан!» атты салтанатты жиын өтті. Бұл мереке Қазақстан халқының татулығы мен достығын дәріптейтін ерекше күн болып саналады.
Салтанатты шара барысында мемлекеттік Әнұран орындалып, ел бірлігі мен бейбіт өмірдің маңыздылығы туралы тағылымды сөздер айтылды. Жиынға қатысушылар көпұлтты қоғамдағы келісім мен өзара сыйластықтың құндылығын атап өтті.