2026 жылдың 20 сәуірінде Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте «STEM Fest: Ойлап тап, жаса, сына!» атты ғылыми-шығармашылық фестиваль өтті.
2026 жылдың 20 сәуірінде Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте «STEM Fest: Ойлап тап, жаса, сына!» атты ғылыми-шығармашылық фестиваль өтті.
Фестивальдің басты мақсаты – оқушылардың ғылыми ойлауын, тәжірибелік дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту, теорияны тәжірибемен ұштастыру, цифрлық сауаттылық пен инновацияны қолдау.
STEM– Science, Technology, Engineering, Mathematics (Ғылым, Технология, Инженерия, Математика) бағыттарының бірлігі. Бұл модель оқушылардың зерттеушілік қабілетін арттырып, жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Фестиваль барысында физика, биология, химия, математика және информатика бағыттарында түрлі жобалар таныстырылды. Оқушылар күн энергиясымен жүретін көше тазалайтын машина, баламалы энергия көздері, AR/VR көмегімен ботаникалық бақ, жасанды интеллект пен органдар, геометрия паркі, смарт құрылғылар сияқты тың жобаларын ұсынды.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары да шығармашылық қолөнер бұйымдары мен тұрмыстық модельдерін көрсетті.
2026 жыл елімізде “Ақпараттандыру жылы” болып жарияланғандықтан, STEM Fest – осы бастаманың нақты көрінісі. Бұл шара оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, жаңа технологияларды меңгеруге және білім беру